Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айындағы алғашқы ауызашар кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Берекелі басқосу рухани жылулық пен ауызбіршілікке ұласқан тағылымды кешке айналды.
Кеш барысында ұстаздар жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, оның адам тәрбиесіндегі орны, сабыр мен тақуалықтың маңызы жайында мазмұнды уағыз-насихат айтты. Қасиетті айдың әрбір сәтін сауапқа толтыру, ізгі амалдарды көбейту, жүректі тазартып, ниетті түзету жөнінде терең ой қозғады.
Ауызашар дастарханы басында айтылған тағылымды сөздер жамағаттың жүрегіне рухани күш беріп, имандылыққа деген ынтасын арттырды. Бұл кеш — тек дәм татумен шектелмей, бауырмалдық пен бірлікті бекемдеген, сауапты істерге үндеген мәнді жиын болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

