Ораза – Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Сонымен қатар, ғалымдар оразаны иманның төрттен біріне теңеген. Бұл тұрғыда Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ораза – сабырлықтың жартысы» және «Иман екіге бөлінеді: жартысы – сабыр, жартысы – шүкір» деген хадистерімен оразаның рухани мәнін айқындап берген.
Осыған орай, Аудандық «Қордай» мешіті базасында қыздар секторының жетекшісі Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен аудандық мешіт ұстаздарының қатысуымен кезекті семинар өтті.
«Ораза» тақырыбы жан-жақты талқыланып, оның парыз етілуі, шарттары мен әдебі, рухани тәрбиедегі орны кеңінен түсіндірілді. Ұстаздар қасиетті айдағы құлшылықтың маңызын баяндап, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берді.Тағылымды жиын қатысушыларға үлкен рухани серпіліс сыйлап, білім көкжиегін кеңейтті. Баршамыздың ұстаған оразамыз бен ақ ниетіміз қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

