Қордай: «Рахман» мешітінде әйелдерге намаз оқуға жағдай жасалды

Қордай: «Рахман» мешітінде әйелдерге намаз оқуға жағдай жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың құлы – әйелдерді Алланың мешіттерінен тоспаңдар. Бірақ олар мешітке барғанда, хош иіс қолданбасын», – деген.

Бұл хадисте әйелдерді жамағат намазына барудан тоспау керектігі әрі олардың ибалық пен әдептілікті сақтау қажеттігі баяндалған. Осы сүннетке сай Қордай ауылы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешіті имамы Кеулимжаев Нұрмұхамедтің ұйымдастыруымен мешітте әйел жамағатына арналған намаз оқу орны арнайы қоршалып, қолайлы жағдай жасалды.

Бұл игі іс – мешітке келуші аналар мен қыз-келіншектердің құлшылықтарын алаңсыз әрі жайлы орындауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шариғат талаптарына сай тәртіп пен әдептің сақталуына жағдай жасайды. Алла Тағала баршамыздың ниеттерімізді, амалдарымызды және дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: