Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Дін дегеніміз – насихат» деген. Сахабалар: «Кімдер үшін насихат?» – деп сұрағанда, Алла елшісі: «Алла үшін, Оның Елшісі үшін, Кітабы үшін, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» – деп жауап берген.
Бұл хадис насихаттың дініміздегі маңызын айқындайды. Осыған орай, Қордай ауданы аумағындағы «Рахман» мешіті имамы Кеулимжаев Нұрмұхаммед әйел жамағатымен кездесу өткізіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады.
Кездесу барысында Рамазанның қадір-қасиеті, оразаның рухани тәрбиедегі орны жайында тағылымды насихат айтылып, ізгі кеңестер берілді. Сонымен қатар, Алғыс айту күніне орай жиналған көпшілікке ризашылық білдіріліп, ізгі тілектер айтылды. Алла Тағала баршамыздың ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


11 Наурыз 2026
22 Рамадан 1447

