Қордай: «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті

Қордай: «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайында сахаба Әбу Үмәма (оған Алла разы болсын ) былай дейді: «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) ең жақсы амал туралы сұрадым.

Ол: «Ораза ұста, өйткені оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. Мен екі-үш рет қайта сұрасам да, сол жауабынан танбады».  Бұл – қасиетті айдың қадірін айқындайтын үлкен насихат. Осыған орай, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешіті ұстазы Айгүл Жолдасқызының ұйымдастыруымен «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті. Кеш Құран аяттарымен ашылып, мешіт имамына сөз берілді.

Тағылымды шара барысында жамағатқа танымдық әрі қызықты ойындар ойнатылып, көріністер қойылды. Ауызашарға келген әйел жамағаты Алғыс айту күнімен құттықталып, сый-сияпаттар табысталды. Рухани кеш қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Рамазан айының берекесін сезіндіруге себеп болды. Алла Тағала қасиетті айда жасаған дұға-тілектерімізді, берген садақаларымыз бен игі амалдарымызды қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: