Қордай: Әжелер алқасы мүшелері әйел жамағатын құттықтады

Қордай: Әжелер алқасы мүшелері әйел жамағатын құттықтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла елшісі Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кімде-кім азға шүкір етпесе, көпке де шүкірсіз болады. Ал, кім адамдардың (жақсылықтарына) алғыс айтпаса, Аллаға да шүкірсіз болғаны. Алланың нығметтерін айтып жүру – шүкірліктің белгісі, оны жасыру – күпірлік.

Ауыз біршілікте болу – мейірім, ал бөліну – азап» – деп, шүкіршілік пен бірліктің маңызын насихат еткен. Осыған орай, аудан әжелер алқасының мүшелері ауызашарға келген әйел жамағатымен кездесіп, оларға алғыс білдіріп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Ақ жаулықты аналар жамағатқа ізгі тілектерін арнап, оразаның жеңіл өтуін, жасалған құлшылықтардың қабыл болуын тілеп, дұға жасады.

Тағылымды басқосу барысында бірлік пен ынтымақтың қадірі айтылып, Рамазан айының рухани мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жайы сөз болды. Алла Тағала баршамызды осы қасиетті айда тозақтан құтылған құлдарының қатарынан етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: