Аудандық орталық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев жамағатқа "Пәтуалар жинағы" кітабынан күнделікті өмірдегі діни ережелерге байланысты "Пәтуа сағатын" өткізді.
Өткен "Пәтуа сағаты" аясында мешіт имамдары жамағатқа күнделікті өмір, құлшылық және әлеуметтік қатынастарға қатысты шариғи мәселелерді түсіндірді. Шара барысында арнайы "Пәтуалар жинағы" негізінде, соның ішінде, мысалы оразадағы өрескел қателіктер секілді өзекті тақырыптар талқыланды. Пәтуа сағатының мақсаты, мұсылмандардың өмірінде туындайтын мәселелерді шариғат шеңберінде реттеу. Мұндай шаралар жамағаттың діни сауатын арттыруға бағытталған.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


09 Наурыз 2026
20 Рамадан 1447

