Қордай: Аудан бас имамы аудан әжелер алқасы мүшелерімен кездесті

Қордай: Аудан бас имамы аудан әжелер алқасы мүшелерімен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алғыс айту – адам жүрегін жылытатын, мейірім мен ізгілікті арттыратын асыл қасиет. Бір ауыз алғыс сөз кез келген мұңайып тұрған жанның көңілін жадыратып, жүрегіне қуаныш сыйлайтыны анық. Кең пейілді қазақ халқы ежелден алғыс пен батаны қадір тұтқан. Халық арасында «алғыс – бата» деген ұғымның орны ерекше. Көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер жастардың игі ісіне разы болып, ақ батасын беріп отырған. Алғыс айту күні қарсаңында Азамат Берікұлы – Қордай аудандық мешітінің бас имамы аудан әжелер алқасының мүшелерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында таныстық орнап, мерекелік көңіл-күй аясында ақ жаулықты аналардың еңбегі еленіп, құрмет көрсетілді. Бас имам әжелерге ризашылығын білдіріп, иықтарына ақжаулық жауып, ақ баталарын алды.

Тағылымды басқосу барысында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – халқымыздың асыл мұрасы екені айтылып, ұрпақ тәрбиесіндегі аналар мен әжелердің рөлі ерекше екені атап өтілді. Қазыналы қарттарымыз аман болсын! Ізетті де ибалы жастарымыз көбейе берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: