Тараз: Қайырымдылық - игі істің бастауы

Тараз: Қайырымдылық - игі істің бастауы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Тараз қаласындағы Иса - Ахмет ата мешіті ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Игі іс аясында 10 отбасыға жалпы құны 200 000 теңгені құрайтын азық - түлік себеттері табысталды.

   Қасиетті Құранда: «Жақсылық қылғандарыңды Алла біледі» («Бақара» сүресі, 197 – аят) деп айтылған. Сондай -  ақ, «Сендер жақсы көрген нәрселеріңді жұмсамайынша, игілікке жете алмайсыңдар» («Әли Имран» сүресі, 92 – аят ) деген аяттар мұсылман қауымын қайырымдылыққа үндейді.

   Шараның мақсаты - мұқтаж жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірім мен жанашырлықты арттыру. Осындай сауапты істер арқылы бірлік пен бауырмалдық нығая түседі.

   Іс - шара соңында елдің тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалып, қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірілді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: