Танты баба мешіті имамы Қуанышбеков Қанаттың бастамасымен мешіт аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Игі іс аясында 5 қайың мен шырша көшеттері отырғызылды.
Ағаш егу - сауапты амалдардың бірі. Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау - әрбір азаматтың ортақ міндеті. Пайғамбарымыз ( с.ғ.с. ) хадисінде: «Қайссы бір мұсылман ағаш отырғызып, одан адам, құс немесе жануар жесе, ол үшін садақа болады» деген.
Шара барысында жамағат бірлік танытып, туған жердің көркеюіне үлес қосты. Алдағы уақытта да мешіт тарапынан осындай игі бастамалар жалғасын табады деп күтілуде.


05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

