Адамзаттың ардақ тұтар ұстазы Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) Рамазан қарсаңында Алла Тағаладан былай деп дұға етуге үндеген: «Иә, Аллам! Біздерге Режеп пен Шағбан айларында береке бер әрі біздерді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр». Осы игі дұға аясында Қордай ауданында Рамазан айына дайындық жұмыстары жүргізілді.
«Рахман» мешіті имамы Кеулимжаев Нұрмұхамедтің ұйымдастыруымен мешіт аумағында тазалық және әсемдік шаралары атқарылып, құлшылық үйі қасиетті айға лайық безендірілді. Алланың үйлері әрдайым көркем болып, жамағатқа рухани шуақ сыйлай берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

