Қордай: «Пәтуа сағаты» — Сәресі уақыты мен сауабы

Қордай: «Пәтуа сағаты» — Сәресі уақыты мен сауабы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сәресін ішіңдер! Расында, сәрелік аста құт-береке бар», – деген. Тағы бір хадисінде: «Сәресі уақытында Алла Тағала: «Сұраушы бар ма – беріледі.

Дұға етуші бар ма – қабыл болады. Истиғфар етуші бар ма – күнәсі кешіріледі», – деп айтады», – деп сүйіншілеген. Осыған орай, аудандық «Қордай» мешітінде кезекті «Пәтуа сағаты» өтті. Жиында мешіттің найб имамы Нұрсұлтан Сатжанұлы жамағатқа сәресінің маңызы мен сауабы жайында кеңінен түсіндіріп, оның уақыты, әдебі және берекесі туралы насихат айтты. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, оразаға қатысты өзекті мәселелерді тарқатты. Алла Тағала баршамызға сәресін берекелі етіп, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: