Қордай: Берекелі бас қосу жасалды

Қордай: Берекелі бас қосу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) хадисінде: «Кім жақсы іс істеуді ниет етсе, бірақ оны орындамаса, Алла оның ниетін толық бір жақсы іс жасағандай етіп жазады», – деп сүйіншілеген.

Осы хадиске сәйкес, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде ауданның бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында сұрақ-жауап форматындағы рухани шара өтті. Кездесу барысында қатысушылардың діни білім деңгейі тексеріліп, пайдалы мәліметтер айтылды. Белсенділік танытқан жамағат мүшелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.

Мұндай басқосулар жамағаттың бірлігін арттырып, білімін нығайтуға септігін тигізеді. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім, қабыл болатын дұға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: