Қордай: Сарыбұлақ ауылында әйел жамағатымен кездесу өтті

Қордай: Сарыбұлақ ауылында әйел жамағатымен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылының  имамы Серік Рахимбаев қасиетті Рамазан айының қарсаңында әйел жамағатымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында жиналған қауымды ұлық айдың келуімен құттықтап, Рамазанның рухани маңызы, оразаның тәрбиелік мәні және отбасыдағы имандылықтың рөлі жайында тағылымды насихат айтты.

Имам өз сөзінде Рамазан айының – сабыр мен шүкірдің, кешірім мен мейірімнің айы екенін атап өтіп, бұл айды барынша құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуге шақырды. Сондай-ақ, әйел-аналардың қоғам мен отбасы тәрбиесіндегі орны ерекше екеніне тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершіліктің маңызын тілге тиек етті. Жиналған жамағат әсерлі уағыз үшін алғыстарын білдіріп, қасиетті айдың барша мұсылман қауымына берекелі болуын тіледі. Алла Тағала баршамызға Рамазан айын сауаппен өткізіп, отбасымызға амандық пен береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: