Қордай: Сахаба мешітінде ауызашар дастарханы ұйымдастырылды

Қордай: Сахаба мешітінде ауызашар дастарханы ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында Сарыбұлақ ауылындағы «Сахаба» мешіті жамағатқа арналып ауызашар дастарханы жайылды. Игі шараға Қордай өңірінен келген ұстаздар мен жамағат қатысып, бір дастархан басында бас қосып, ауыз ашты. Ауызашар барысында Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның рухани тәрбиесі және ауызашар берудің сауабы жайында тағылымды насихат айтылды.

Жиналған қауым ел амандығы, жұрт тыныштығы және мұсылман үмбетінің бірлігі үшін дұға жасап, ізгі тілектерін білдірді.Мұндай рухани басқосулар бауырмалдық пен ынтымақты арттырып, жамағат арасындағы бірлікті нығайта түсетіні сөзсіз. Алла Тағала жайылған дастарханды, жасалған дұғалар мен игі амалдарды қабыл етіп, барша мұсылман қауымына берекелі Рамазан нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: