Рамазан – мұсылмандар үшін береке, рақым, кешірім және қайырымдылық айы. Бұл айда қасиетті Құран түсіріліп, жәннат есіктері ашылады. Ораза ұстау парыз етіліп, жан дүниеміз рухани тынығады, ал ізгі амалдардың сауабы еселене түседі.
Сондай-ақ, бұл айда тақуалық күшейіп, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Қордай ауданы, Партизан мөлтек ауданындағы «Рахман» мешіті имамы Кеулимжаев Нұрмұхамедтің ұйымдастыруымен жамағат арасында «Рамазан айы — берекелі ай» тақырыбында сұрақ-жауап кеші өтті.
Басқосу барысында қасиетті айдың артықшылықтары кеңінен түсіндіріліп, қатысушылардың діни білімдері сыналды. Белсенділік танытып, ерекше көзге түскен жамағат мүшелері сыйлықтармен марапатталып, алғыс білдірілді. Алла Тағала баршамызға берекелі ғұмыр, шынайы мұсылман болуды нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

