Қордай: Лудомания тақырыбында сарбаздармен кездесу өтті

Қордай: Лудомания тақырыбында сарбаздармен кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Біреу бауырына: «Кел, құмар ойын ойнайық», – десе, садақа берсін», – деген. Бұл хадис құмар ойынға шақырудың өзі күнә екенін меңзейді. Ал сахаба Жәбир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте: «Харамнан өскен ет (яғни адам) жәннатқа кірмейді», – деп ескертілген.

Осы орайда Қордай ауданы, Қордай ауылы аумағындағы шекара күзетінде, найб имам Нұрсұлтан Сатжанұлының қатысуымен «Лудомания» тақырыбында сарбаздармен кездесу өтті. Жиында құмар ойынның (лудоманияның) жеке адамға, отбасыға және қоғамға тигізер зияны жан-жақты түсіндіріліп, одан сақтану жолдары айтылды.

Сарбаздар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, тағылымды насихат жүргізілді. Алла Тағала баршамызға сау жүрек, тура жол және қабыл болатын дұға нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: