Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Шын мәнінде, амалдар тек қана ниетке байланысты», – деп өсиет еткен. Расында, кез келген іс ниетпен өлшенеді. Әсіресе құлшылықта мұсылман адамның ниетін жаңартып, ізгі амалдарға ұмтылып отыруы аса маңызды. Рамазан айы қарсаңында әрбіріміз өз-өзімізге: «Қандай жақсылық жасай аламын?» деген сауал қойып, шамамыз жететін игі істерді жоспарлап, оны шынайы ниетпен жүзеге асыруға талпынуымыз қажет.
Осы орайда Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында, жұма күніне сәйкес жамағатқа арнап тегін такси қызметі ұйымдастырылды. Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымызды, дұға-тілектерімізді қабыл етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

