Рамазан айына дайындықты Шағбан айынан бастап, рухани әрі тәндік тұрғыдан ниеттену – әр мұсылман үшін маңызды. Ораза үкімдерін қайталап, Құран оқуды көбейту, нәпіл намаздарға дағдылану, жаман әдеттерден арылып, күнделікті жоспар құру арқылы қасиетті айды барынша сауапты өткізуге болады. Қасиетті ай қарсаңында Қордай ауданында көріктендіру жұмыстары жүргізілді.
«Ораза қабыл болсын! Рамазан айы құтты болсын!» деген мазмұнда баннерлер ілініп, мешіт маңы әсем шамдармен безендірілді. Бұл игі бастамалар жамағаттың рухын көтеріп, қасиетті айға деген құрметті арттыра түсті. Алла Тағала баршамыздың ұстаған оразаларымызды, жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етсін. Алланың үйлері әрдайым әсем де көркем бола берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

