Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу ауданы «Төле би» мешітіне арнайы іс-сапармен келді. Аталмыш мешіттің имамы Талғат Кәрібайұлы жамағатқа құрметті қонақты таныстырып, сапардың мақсатына тоқталды. Өз кезегінде облыс бас имамы қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның рухани тәрбиесі мен сауаптары жайында мазмұнды уағыз айтып, жамағатты ізгі амалдарда белсенді болуға шақырды.
Кездесу соңында көпшілік тарауық намазын бірге оқып, дін қызметкерлерінен батасын алды. Тағылымды басқосу жамағатқа рухани серпін беріп, бірлік пен ынтымақты нығайтты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


05 Наурыз 2026
16 Рамадан 1447

