Шу ауданы Бірлік ауылдық мешітінің имамы Медет Жұматайдың ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына орай 50 пакет «Рамазан тәттісі» дайындалып, ауыл тұрғындарына таратылды.
Игі шара барысында Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдың берекесі мен сауабы тіленді. Бұл бастама – мейірім мен қайырымдылықтың, ауызбіршілік пен бауырмалдықтың айқын көрінісі болды.
Жамағатқа жасалған бұл сый-құрмет ауыл ішінде жылулық пен рухани қуаныш сыйлап, қасиетті айдың шапағатын кеңінен сезінген көпшілік алғыстарын білдірді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


04 Наурыз 2026
15 Рамадан 1447

