ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу ауданына қарасты «Төле би» мешітінде «Бас имам сағатын» өткізді.
Кездесу барысында жамағатқа қасиетті Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның рухани тәрбиедегі орны және ізгі амалдардың сауабы туралы насихат айтылды. Бас имам көпшілікті сабыр мен шүкіршілікке үндеп, қасиетті айды сауапты істермен өткізуге шақырды.
Жиын соңында жамағат бата алып, ізгі тілектер айтылды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


28 Ақпан 2026
11 Рамадан 1447

