ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу ауданына іссапармен барып, өңірдегі мешіттердің жұмысын зерделеді.
Сапар барысында мешіттердің ерлер және әйелдер дәретханалары, асханалары мен дәрісханаларының жай-күйі тексеріліп, тазалық талаптарының сақталуы мен қызмет көрсету деңгейі қаралды. Облыс бас имамы ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаевпен дидарласып, өңірге қарасты мешіт имамдарымен сұқбаттасты.
Зерделеу жұмыстарының нәтижесінде мешіттердің қызметін жүйелеу және инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бағытында нақты тапсырмалар берілді.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


15 Сәуір 2026
27 Шавваль 1447

