МЕРКІ ЖАМАҒАТЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

МЕРКІ ЖАМАҒАТЫНА ЖАҢА БАС ИМАМ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат Меркі ауданына жасаған іссапары барысында ауданға жаңадан тағайындалған бас имам Дәуіт Сейітқалиұлын жамағатпен таныстырды.

Кездесу барысында наиб имам жаңа бас имамның алдағы қызметіне сәттілік тілеп, жамағатты ауызбіршілікке, мешіт төңірегіндегі рухани жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды. Өз кезегінде Дәуіт Сейітқалиұлы сенім артқан көпшілікке алғыс білдіріп, дін қызметін жүйелі жүргізуге күш салатынын жеткізді.

Жиын соңында жамағат игі тілектерін білдіріп, жаңа қызметке ақ батасын берді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әжелер мектебінің өнегесін жаңғырту — қоғамның рухани бірлігін нығайтудың маңызды негізі екені атап өтілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: