#Шу: Жамбыл облысының бас имамы Шу ауданына арнайы сапармен келді

#Шу: Жамбыл облысының бас имамы Шу ауданына арнайы сапармен келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сәрсенбінің сәтінде Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Шу ауданына арнайы іс-сапармен келді. Қасиетті Рамазан айындағы сапары аясында облыс имамы аудандық «Жәми» мешітінде, қалалық «Кәрібай молда» және «Айтқұл баба» құтханаларында болып, мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауданның бас имамы Алмас Рысханұлы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар аудандағы 14 мешітте Құранды толық жаттаған қарилар тарауық намазын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Облыс имамы жүргізіліп жатқан құрылыс және ұйымдастыру шараларына оң бағасын беріп, жамағат бірлігін арттыру, тарауық намаздарын талапқа сай өткізу және діни рәсімдерді жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Сапар барысында Балуан Шолақ ауылындағы «Қойайдар ата» мешітінде ұйымдастырылған ауызашарға қатысып, дастархан басында бірлік пен сауапты амалдың маңызы, дін мен дәстүр жайында тағылымды уағыз айтып, жамағат сұрақтарына жауап берді. Ауыл тұрғындары құрметті қонаққа ризашылықтарын білдіріп, иығына шапан жапты.

Іс-сапар аудан орталығындағы «Төле би» мешітінде түйінделді. Тарауық намазында жамағатқа оразаның қадір-қасиеті мен құпталған амалдар жайында насихат айтылып, намаз соңында дұға жасалды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: