#Мойынқұм: Мойынқұм ауданы мешіттерінде тарауық намазы мен уағыздар жалғасуда

#Мойынқұм: Мойынқұм ауданы мешіттерінде тарауық намазы мен уағыздар жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Қарабөгет», «Досекеұлы Абсат», «Шопан ата» және «Бірлік» мешіттерінде қасиетті Рамазан айында тарауық намазы оқылып, жамағатпен бірге рухани кездесу ұйымдастырылды.

Аталған мешіттерде «Намаз – ұлы ғибадат» атты тақырыпта уағыз жүргізіліп, имамдар намаздың маңыздылығы, оның адам өміріндегі орны мен сауабы жайында түсіндірді. Жамағатқа ізгі амалға ынталандыру, жүректі иманға баулу мақсатында насихат сөздері айтылып, қасиетті айдың рухани мәні насихатталды.

Шаралар мешіт жамағатына рухани серпін беріп, ораза мен құлшылыққа деген ықыласты арттыруға бағытталған.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: