Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Бұл айдың ерекшелігі – мүміндер бір ай бойы ораза ұстап, нәпсісін тәрбиелеп, өз-өзіне есеп береді. Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылықтың, сабыр мен кешірімнің, тақуалықтың айы.
Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Әнебеков Жанұзақ Рысбекұлы ауызашарға жиналған жамағатқа «ауызашар беру ережесі» мен «ораза ұстау тәртібін» кеңінен түсіндірді. Насихат барысында ауызашар дастарханында ысырапқа жол бермеу, шынайы ниетпен ауыз аштырудың сауабы, сондай-ақ оразаның парыздары мен шарттары жайлы айтылды.
Сонымен қатар құптан намазына азан шақырылғаннан кейін 30 минут уақыт күтіп, жамағаттың ыңғайына қарай парыз намаз бен Тарауық намазын кешіктірмей оқу тәртібі ұйымдастырылды. Жиын соңында барша жамағатқа ізгі тілектер айтылып, қасиетті айдағы ниеттердің қабыл, мұраттардың асыл болуы тілінді.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



04 Наурыз 2026
15 Рамадан 1447

