#Мойынқұм: «Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы» тақырыбында уағыз өтті

#Мойынқұм: «Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы» тақырыбында уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан имамы Ержан Көшкімбай Мойынқұм мешітінде «Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.

Уағыз барысында ізгі амалдың мұсылман өміріндегі орны, оның жүректі тазартудағы және қоғамды көркейтудегі рөлі кеңінен түсіндірілді. Имам қасиетті Рамазан айы – сауапты істерді көбейтіп, қайырымдылық пен мейірімділікті арттыратын ерекше мүмкіндік екенін атап өтті.

Сондай-ақ, әрбір жасалған жақсылықтың Алла алдында еселеніп қайтатыны, ниеттің дұрыстығы ғибадаттың негізі екені насихатталды. Қасиетті Рамазан айында тарауық намазында жамағат бір сап түзеп, ауызбіршілік пен ынтымақтың үлгісін көрсетті.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: