МЕРКІ АУДАНЫНДА МЕШІТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

МЕРКІ АУДАНЫНДА МЕШІТТЕРДІ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Нұрлан Мұрат Меркі ауданындағы мешіттерді аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Іссапар барысында мешіттердің материалдық-техникалық жағдайы, тазалық талаптарының сақталуы және жамағатқа көрсетілетін қызмет сапасы қаралды.

Наиб имам мешіт қызметкерлерімен кездесіп, діни қызметті жүйелі жүргізу, жамағатпен байланыс пен рухани насихат жұмыстарын жандандыру жөнінде нақты ұсыныстар айтты. Сонымен қатар мешіттердің қоғамдағы тәрбиелік рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында бірқатар міндеттер белгіленді.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, әжелер мектебінің тағылымын жаңғырту — қоғамның рухани тұтастығын бекемдей түсетін маңызды бағыт екені атап өтілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: