«Мойынқұм» мешітінде аудан имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа дін мен дәстүрдің мәні туралы уағыз жүргізді.
Уағыз барысында имам діннің күнделікті өмірдегі рөлі, ұлттық дәстүрмен сабақтасуы, адамның мінез-құлқына әсері туралы кеңінен айтты. Жамағатқа иман мен ізгілікке үндейтін құндылықтарды ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, қоғамдағы татулық пен бірлікті сақтау жолдары насихатталды.
Кездесу соңында көпшілік имамға алғыстарын білдіріп, жүректегі серпіммен тарқасты.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

