#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бабаларымыз: «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен болмаса кішіден сұра», – деп ақыл айтқандай, діни мәселелерді дұрыс түсіну үшін сұрау маңызды. Елімізде діни мәселелердің шешімін пәтуә бөлімі береді, ал берілген пәтуалар көпшілікке насихатталуда.

Осы мақсатта Мойынқұм ауданының бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде пәтуа сағатын ұйымдастырып, жамағатқа діни мәселелер бойынша түсіндірме жүргізді. Көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, берілген пәтуаларды ашықтап, түсіндіріп өтті.

Шара барысында жамағат діни сауаттарын арттырып, күнделікті өмірде туындайтын сұрақтарға дұрыс бағытта жауап алуға мүмкіндік алды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: