Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 277-аятында: «Негізінен иман келтіріп iзгi ic iстегендер, намазды толық орындап, зекет бергендер, олар үшін Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқу жоқ әpi олар қайғырмайды» деп айтқан.
Құмөзек ауылының имамы Коштай Ердосов тарауық намазына келген жамағатқа «Ізгі амал жасаудың сауабы мен маңызы» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Имам жамағатқа жүректен шыққан ізгі амалдардың Алла разылығы үшін жасалатыны, әрбір игі істің сауапқа бастайтыны түсіндіріліп, рухани серпін берілді.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

