#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде берекелі ауызашар өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде берекелі ауызашар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Мойынқұм» мешітінің имамы Тұратбек Бердіқожаев қасиетті Рамазан айына орай жамағатқа ауызашар дастарханын ұйымдастырып, арнайы қарсы алды.

Шара барысында ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты бір дастархан басында бас қосып, берекелі кештің рухани мәнін сезінді. Дін маманы ауызашар кезінде Рамазан айының артықшылықтары, ораза ұстаудың сауаптары және ізгі амал жасау маңыздылығы туралы тағылымды сөз сөйледі.

Қатысушылар игі істерге шақырылған уағыздан рухани азық алып, жүректерінде мейірім мен бірліктің жылуы тарады. Кештің соңында барша жамағатқа Алланың разылығы тілініп, қасиетті айдың берекесі мен татулығы тілектерімен түйінделді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: