Қызылқайнар ауылы "Бейсеу ата" мешітінің имамы Берсүгір Ермуханбет жамағатқа "Дәстүр және отбасы" тақырыбында уағыз айтты. Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз.
Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Дәстүр мен отбасы – ұлттық тәрбиенің негізі, онда ата-бабадан қалған құндылықтар, сыйластық және ұрпақтар сабақтастығы көрініс табады.
Отбасылық дәстүрлер (қонақжайлылық, үлкенге құрмет, «Тұсаукесер» т.б.) жастардың бойында рухани тәрбие мен жауапкершілікті қалыптастырып, қоғамдық пікір күшімен сақталады. Олар заманауи талаптарға сай бейімделе отырып, ұлттық кодты сақтап қалудың маңызды құралы.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

