Жамбыл ауданы, Гродиково ауылы "Арынғазы" мешітінің ұстазы Малик Унгарбаев мешіт жамағатына ихсан дәрістерін жүргізді. Дәрісте бірінші тарау "Жаратушы Аллаға ихсан" бойынша "Қиямет- қайым" тақырыбын өтті. Қияметтің қашан, қай кезде болатынын бір Алла тағаладан басқа ешкім білмейді.
Ал адамдар өкінішке ұрынбас үшін әрдайым қияметтің болатынына сеніп, Алла тағаланың алдында есеп беруге баратынын ұғынып, үнемі құлшылықтың үстінде жүргені жөн. Қазіргі күндері қияметтің алдында өмір сүрудеміз. Әһли сүннет ғалымдарының басым көпшілігінің пікірінше қияметтің кіші белгілері бүгінгі күндері айналамызда, қоғамдық ортада жиі орын алып келеді.
Бүгінгі күндері өкінішке орай, қиямет қайым туралы ешқандай діни негізі жоқ алып-қашпа әңгімелер көп айтылып жүр. Әсіресе, шетелдік басылымдарда қоғамға үрей салататын мақалалар,ғаламтор желілерінде «ақырзаман болады-мыс» дейтін бос сөздер мен бос екі ауыз әңгімелердің тарап жүргені жасырын емес.Алайда, Қияметтің қашан болатыны тек Ұлы Аллаға ғана мәлім. Құранда "Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді" деп ескерткен.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

