«Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы Рахымбай Түсіпов жамағатқа «Түнгі құлшылықтың сауабы» тақырыбында тағылымды уағыз жүргізді.
Уағыз барысында түнгі намаздың, тәһәжжуд құлшылығының және зікір мен дұғаның артықшылықтары кеңінен баяндалды. Имам түнгі уақытта жасалған ғибадаттың сауабы мол екенін, бұл сәттердің пендені Раббысына жақындататын ерекше мүмкіндік екенін атап өтті.
Жамағат имамға мазмұнды насихаты үшін алғыс білдірді. Шара соңында мешіт жамағаты бір сапқа түзеліп, ынтымақ пен бірліктің үлгісін көрсете отырып намаз оқыды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

