Жаңа тағайындалған ауданның бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауданға қарасты мешіттердің имам-молдаларымен арнайы жиналыс өткізді. Жиын барысында алдағы жұмыс жоспары таныстырылып, діни қызметтің бағыт-бағдары айқындалды.
Бас имам ең алдымен ел бірлігі мен рухани тұрақтылық жолында қызмет етудің маңыздылығына тоқталып, имамдардың жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сондай-ақ, жамағатпен тығыз байланыс орнату, жастар тәрбиесіне көңіл бөлу, жат ағымдардың алдын алу, қайырымдылық шараларын жүйелі ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, бас имам имам-молдаларды ауызбіршілікке, өзара қолдауға және халыққа үлгі боларлық қызмет атқаруға шақырды. Әр имам өз ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында нақты тапсырмалар беріліп, алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқару жөнінде келісім жасалды. Алла Тағала қызметтерімізге береке беріп, ел игілігі жолындағы істерімізге табыс нәсіп етсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

