Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының тапсырмасымен ауылдық мешіттердің имамдары Рамазан айымен құттықтау баннерлерін іліп, қасиетті айды барынша насихаттады.
Сонымен қатар, мешіт ішін «Рамазан нұр шашқан ай» атты жазумен безендірді. Және де облыс бас имамының аудан әкімін Рамазанмен құттықтау хатын арнайы табыстап, мерекемен құттықтады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

