Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты ауылдық мешіттерде тарауих намазынан алдын «30 күнге 30 уағыз» айдарымен уағыздар айтылуда. Уағыздар муфтият бекіткен әр түрлі тақырыптар бойынша жүргізілуде.
Мешіт имамдары уағыздарда: «Алла Тағаланың нақты бір аятты не сүрені түсірудегі даналығын, хикметін түсіну біз үшін аса маңызды. Мүмін адам Құран аяттарының түсу себебін үйренгенде имамы күшейіп, беки түседі. Ал шындықты іздеген мұсылман емес адам Алла Тағаланың адамзаттың пайдасы үшін, олардың бұл дүниедегі істерінің тура әрі шариғатқа сай болуы үшін оларға нұсқаушы, жол көрсетуші аяттар түсіргендігіне көзі жеткенде иманға келуі мүмкін, - деп даналығын жеткізуде.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

