#Т.РЫСҚҰЛОВ: АҚЫРТӨБЕ МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

#Т.РЫСҚҰЛОВ: АҚЫРТӨБЕ МЕШІТІНЕ ЖАҢА КІЛЕМ ТӨСЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық «Ақыртөбе» мешітінің ескі кілемдері алынып, жаңа жайнамаз кілем ауыл тұрғындарының жәрдемімен төселді.

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында жаңа кілем мешіт ішіне әдемілік пен жайлылық сыйлады. Ауыл имамы жұма намазынан кейін жаңа кілемнің төселуіне себепші болған жомарт жандарға дұға қылып, алғысын білдірді.

Құран Кәрімде және хадистерде мұсылмандардың құлшылық жасайтын мекені әрі пенде мен Раббысы арасындағы байланысын арттыратын орын «мешіт» деп аталған. Осылай аталуының өзіндік себебі бар. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Құлдың, Раббысына ең жақын сәті сәжде жасаған кезі»,  деп атаған. Демек мешіт пендені Раббысына жақындататын қасиетті орын.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: