Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Р.Сәбденов ауылдық «Отарымбет» мешітінің имамы Байхожаев Қалтай ауызашар үстінде жамағатқа «Ораза ұстаудың тәртібі» жайында уағыз айтты.
Қалтай имам оразаның тәртібін насихатында былай баяндады: «Тыйылу. Тамақ жеуге, ішуге және ерлі-зайыптылардың жақындасуына таңсәріден күн батқанға дейін тыйым салынады. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген: «Ақ жіп пен қара жіп ажыратылып, танылғанша (таң ағарғанша) жеңдер де ішіңдер. Содан күн батқанша ораза ұстаңдар…» (Бақара сүресі, 187 аят).
Ниет. Ниет екі түрлі болады. Біріншісі, күнделікті ауыз бекітер алдында сол күнгі ораза тұтуға ниет етеді. Екіншісі, рамазан айының алғашқы күнінде бүкіл бір рамазан айына ниет етеді. Сондықтан да Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Әрбір жақсы амал ниетке байланысты», – деген.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

