#Шу: «Жәми» мешітінде «Жақсылықта жарысу» атты уағыз өтті

#Шу: «Жәми» мешітінде «Жақсылықта жарысу» атты уағыз өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жәми» мешітінде қасиетті Рамазан айына «Жақсылықта жарысу» тақырыбында бас имам Алмас Кенжемолдаев жүргізуімен, тағылымды уағыз ұйымдастырылды. Уағыз барысында имам қазақтың ұлы ойшылы Абай атамыздың қара сөздерінен: «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық» деген тағылымды сөзін келтіріп, оны ислам құндылықтарымен және ұлттық дәстүрмен сабақтастыра түсіндірді.

Жамағатқа адам баласының шынайы артықшылығы – байлықта немесе мансапта емес, көркем мінез бен білімде, ар-ұят пен тақуалықта екені насихатталды. Сондай-ақ, жақсылықта жарысу – Құранда айтылған игі амалдардың бірі екені кеңінен баяндалды.

Кеш соңында жамағатқа құрмет ретінде тәспі сыйлық етіліп, жамағат тарауық намазында сап түзеді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: