#Шу: «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті

#Шу: «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданы «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Шара барысында қасиетті Рамазан айының қоғам тәрбиесіндегі рөлі, адалдық пен жауапкершілік құндылықтары, отбасы мен ұрпақ тәрбиесіндегі имандылықтың маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушыларға Рамазан айының тек құлшылық емес, сонымен қатар мінез-құлықты түзейтін, жүректі тазартатын, қоғамды ізгілікке бастайтын ерекше кезең екені түсіндірілді.

Семинарда пікір алмасу өтіп, қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, рухани пайдалы мәліметтер алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: