Жуалы: Рамазан айының құрметіне орай Теріс ауылы сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жуалы: Рамазан айының құрметіне орай Теріс ауылы сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Теріс ауылындағы сауда орындарына «Мырзахмет ата» мешітінің имамы Бауыржан Мұсағалиұлы арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Рамазан – нәпсіні тыюдың, рухты тазартудың, сабыр мен тақуалықтың айы. Бұл айда мұсылман баласы тек ас-судан ғана емес, жүрекке дақ түсіретін жаман әдеттерден де тыйылады. Осыған орай ауыл дүкендерінің иелеріне бір ай мерзімге арақ-шарап өнімдерін сатпаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Алла Тағала Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар ойындар, пұттар және бал ашатын жебелер – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім құтыларсыңдар» – деп баяндайды (Құран, «Мәида» сүресі, 90-аят).

Рамазан – береке мен кешірім айы. Бір ай болса да ауылымызда тыныштық, береке, сауаптың артуына себеп болайық. Саудагер ағайындарға түсіністік танытып, игі іске ниет білдіргендері үшін Алла разы болсын!
Жаратқан Иеміз ауылымызға амандық, ынтымақ, береке нәсіп етіп, Рамазан айын хайырлы да сауапты өткізуді баршамызға нәсіп етсін!

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: