Жуалы: Рамазан айының құрметіне жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Жуалы: Рамазан айының құрметіне жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы, Теріс пен Бақалы ауылдық Сәкен Сейфуллин атындағы мектептің 7 «Ә» сынып оқушылары қасиетті Рамазан айының құрметіне жүрекке жылу сыйлаған қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Жас болса да жүректері мейірімге толы шәкірттер ауылдағы аз қамтылған отбасыларға үлестіру үшін азық-түлік пен қажетті заттарды аманат ретінде мешітке табыстады.  Бұл – Рамазанның шынайы рухани байлық және жанашырлық пен бауырмалдықты көрсететін игі іс.

Алла Тағала жас бүлдіршіндердің ниеттерін қабыл етіп, ата-аналарына сауаптан жазсын. Ұстаздарына берекесін беріп, шәкірттеріне білім мен иман нәсіп етсін! Осындай қайырымды ұрпақ тәрбиелеп отырған барша ата-аналар мен ұстаздарға алғысымыз шексіз. Жақсылық жасауда жарысайық, ағайын!-деп Бацыржан Мұсағалиұлы алғысын білдірді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: