Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бірі-бірін жақсы көргендер жәннатта жақын тұрады» – дегендей, қоғамдағы бірлік пен татулық әрқашан маңызды. Жуырда Қордай ауданында жаңа клеген бас имам Азамат Берікұлы өз қызметіне ресми түрде кірісті.
Ол аудан басшылары мен бөлім жетекшілерімен жеке-жеке кездесулер өткізді. Бас имам аудандық әкім орынбасарлары, полиция басшысы және басқа да бөлім басшыларымен танысып, алдағы жоспарлар мен ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Әсіресе, қоғамдық тәртіпті сақтау, діни ағартуды дамыту және жастармен жұмыс істеу мәселелері бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспарланды.
Азамат Берікұлы өз кезегінде әр бөлім басшысымен жеке сөйлесіп, аудан тұрғындарына дін қызметін сапалы әрі ашық жүргізуге дайын екенін жеткізді. Біз жаңа имамымызға сәттілік тілейміз, Қордай ауданындағы халыққа игілікті қызмет жасап, ынтымақтастық пен бейбітшілікті одан әрі нығайта берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

