Қордай: Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

Қордай: Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеген бізден емес». Дана халқымыздың дәстүрі мен асыл дініміздің тағылымы үндесіп жатқан бұл хадис - қоғамдағы сыйластық пен рухани сабақтастықтың темірқазығы. Осы игі қағиданы арқау еткен мазмұнды кездесу Қордай ауданында өтті.

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ардагерлер ұйымының төрағасы, ел ағасы Біржан Әбдікерімұлымен арнайы жүздесіп, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ұрпақ тәрбиесі, қоғамдағы имандылық, үлкен мен кішінің арасындағы ізет пен сый мәселелері кеңінен қозғалды. Бас имам өз сөзінде ардагерлер - елдің шежіресі, өнегесі мен өмірлік мектебі екенін атап өтті. Жас буын үшін олардың ақыл-кеңесі мен батасы - бағыт-бағдар беретін рухани шамшырақ екені айтылды.

Бұл жүздесу - хадисте айтылған үлкенге құрметтің нақты көрінісі болды. Кездесу соңында Азамат Берікұлы ел ағасына сый-сияпат табыстап, игі тілегін білдірді. Өз кезегінде Біржан Әбдікерімұлы да ризашылығын айтып, ел бірлігі мен татулығы жолындағы жұмыстарға әрдайым қолдау білдіретінін жеткізді. Алла Тағала ел ағаларына амандық, ұзақ ғұмыр, абыройлы қызмет нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: