Қордай: Бірлік пен жауапкершілік жолындағы кездесу

Қордай: Бірлік пен жауапкершілік жолындағы кездесу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Расында, мүміндер бір-біріне бауыр. Сондықтан бауырларыңның арасын жарастырыңдар және Алладан қорқыңдар. Мүмкін, мейірімге бөленерсіңдер.» - деп осы қасиетті аятта баяндалған бауырмалдық пен ауызбіршілік қағидатын негізге ала отырып, Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты мешіт имамдарымен жеке-жеке кездесулер өткізді.

Кездесу барысында әр мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан діни-ағарту жұмыстары, жамағатпен байланыс және алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды. Бас имам әріптестерін ел игілігі жолында бір мақсат, бір мүдде төңірегінде жұмыла еңбек етуге шақырып, діни қызметтің жауапкершілігі жоғары аманат екенін жеткізді. Сонымен қатар, мешіт имамдарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, ортақ мәселелер бойынша нақты бағыт-бағдарлар белгіленді.

Мұндай кездесулер аудан көлеміндегі діни қызметтің сапасын арттырып, жамағатпен жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға серпін беретіні анық. Алла Тағала еліміздің бірлігі мен тыныштығын баянды етіп, атқарылып жатқан игі істерге береке нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: