Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адамдардың ең жақсылары - адамдарға пайдасы тигендері» - хадиске сәйкес, қоғамға қызмет ету - ең ізгі іс.
Осы бағытта Ноғайбай ауылының діни өмірінде жаңа кезең басталды. Ноғайбай ауылының «Шарбақты» мешітінде жаңа имам болып Алмуханбетаранжан Айтмуханұлы тағайындалды. Ол қари және хафиз, яғни Құран Кәрімді жатқа білетін, оны дұрыс және мәнерлі оқи білетін білікті дін қызметкері. Жаңа имамның тағайындалуы - ауыл тұрғындары үшін рухани даму мен имандылық жолында маңызды қадам.
Қауымдастық мүшелері Алмуханбетаранжан Айтмуханұлының білімділігі мен адалдығына сүйене отырып, мешіттің діни өмірі жаңа серпін алады деп үміттенеді. Біз Алмуханбетаранжан Айтмуханұлына жаңа қызметінде сәттілік, денсаулық, қажырлы еңбек тілейміз. Алла Тағала оның ниеттерін қабыл етіп, қауымға игілік берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



12 Наурыз 2026
23 Рамадан 1447

