Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет ауруханада ауырып емделіп жатқан көршісіне қуаныш сыйлады. Қасиетті Рамазан айының құрметіне жас баланың көңілін көтеру мақсатында көңілін сұрап барып, зиярат жасап, кішігірім сыйлығын табыстады.
Баланың анасы қуанғаннан ауыл имамына рақмет айтып, алғысын жаудырды. Мұсылманның ұлық мерекесі қарсаңында бір-бірімізге қуаныш сыйлау, қуанту зор сауапты іс екені айдан анық.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



29 Сәуір 2026
12 Зуль-каада 1447

